Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда Елен Әлімжанның 80 жылдығына арналған көркем ой кеші өтті

Таразда Елен Әлімжанның 80 жылдығына арналған көркем ой кеші өтті
Автор
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жазушымен бір күн» жобасы аясында жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» ордені мен «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Елен Әбдуатұлы Әлімжанның 80 жылдық мерейтойына арналған «Азамат. Қаламгер. Тұлға» атты әдеби-мәдени кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Кеш барысында А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық драма театрының әртістері жазушының «Абылай ханның арманы» атты драмалық туындысы негізінде театрландырылған көрініс ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Гүлшат Тінәсілова қаламгердің сөзіне жазылған «Жарыма» әнін орындап, кеш шырайын аша түсті.

Әдеби кештің  қонақтары  М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Т.Мұқашев, аталмыш университеттің аға оқытушысы, әдебиеттанушы, Жазушылар одағының мүшесі Б.Мақашев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Нүсіпова, театртанушы А.Қадіралиева, «Дарын» мамандандырылған мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Рыспайұлы және Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның жас қаламгер-ұстазы Е.Нұрланов жазушының шығармашылығына жан-жақты талдау жасап, әдеби мұрасының қоғамдағы маңызына тоқталып, кітаптарына мазмұнды шолу жасады.

 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар