Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жол сапасы қатаң тексеріледі

Жол сапасы қатаң тексеріледі
Автор
Жуырда Тараз қаласындағы орташа жөндеуден өткен көше бойында жол-құрылыс материалдарына сараптама жүргізу жұмыстары басталды,деп хабарлайды arainfo.kz

Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының директоры Телеужан Ержан қадағалаған жұмыс процесінде жол-құрылыс материалдарының тиісті нормативтік талаптарға сәйкес келуіне айрықша көңіл бөлінді.


Бұл күні облыс орталығындағы Ә. Әйтиев көшесінен (Д.Қонаев және Ташкент көшелерінің аралығы) басталған жұмыс барысында асфальтбетон жабынынан керн алынды. Жақын күндері мамандар арнайы зертханада керндердің қалыңдығы, суға қанығу деңгейі мен тығыздалу коэффиценті тексерістен өткізбек.

Облыс әкімі орынбасарының атап өткеніндей, биылдан бастап облыс әкімдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Ендігі жерде Ұлттық сапа орталығында сынау барысында белгілі болған сәйкессіздіктер мен анықтаған кемшіліктері жойылмайынша, жол жөндеу нысандары пайдалануға берілмейді. Бұл – елімізде жол сапасын арттыру мақсатында қолға алынған нақты шаралардың бірі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар