Жаңалықтар
Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- author AR-AY
- 12 маусым, 2025
- 26

Апатқа ұшыраған ұшақта барлығы 242 адам болған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны 110 адамға жетті, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Келесі мақала