Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде химия өнімдерінің экспорты артып келеді

Елімізде химия өнімдерінің экспорты артып келеді
Үкімет
Еліміздің химия өнеркәсібінде 1093 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ірісі – 12, орташасы – 21 және шағыны – 1060, бұл шағын өндірістердің басым екенін және шоғырландыру мен жаңғырту әлеуетін көрсетеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Химия өнеркәсібі жалпы өндірілетін өнім көлемінің 22,5%-ын қамтамасыз етіп, бүкіл саланың өсуінің негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Бұл халық санының артуы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі, аграрлық өнімге жаһандық сұраныстың өсуі және ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту талабымен тығыз байланысты.

2024 жылы Қазақстан химиялық тауарлардың 205 түрін экспорттады. Қазақстандық химия өнімдерінің негізгі импорттаушылары – Қытай, Ресей және Вьетнам.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалар аясында бірқатар ірі өндірістер іске қосыла бастады. Атап айтқанда: полиэтилен және карбамид өндіретін «ҚазАзот Prime» ЖШС зауыты, бутадиен және оның туынды өнімдерін шығаратын «Бутадиен» ЖШС, сондай-ақ тазартылған терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндірісі жобалары жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар калий және фосфорит кен орындарын игеру бойынша жобалар белсенді түрде қолға алынған. Негізгі инвесторлар қатарында – QazaqKalium Ltd және SRPM (Батыс Қазақстан облысындағы «Сатимолла» кен орны), ал фосфорит өндіру саласында – «Еврохим-Қаратау» ЖШС (аммофос және NPK тыңайтқыштары), «Созақ-Фосфат» ЖШС және «Қазфосфат» ЖШС бар.

Сала экономикаға мультипликативті әсер етеді. Химия өнеркәсібі тау-кен металлургия кешенімен, қышқылдар, катализаторлар, бояу материалдары, химиялық реагенттер мен тыңайтқыштар өндірісімен тығыз байланысты. Бұл секторлар арасындағы өзара қолдау өнеркәсіптік кооперацияны күшейтіп, түпкілікті өнімнің сапасын арттыруға ықпал етеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар