
Сөзге сарайын көңілінің аша білген.
Замандастың үнімен үн қосып ап,
Шуағын маржан жырдың шаша білген.
Ақиқаттың сәулесін шашқан жырмен,
Тыңдаушының жүрегін ашқан сырмен.
Тіршіліктің үнін де, мұңын да анық,
Сезімменен суреттер ұлы рухпен.
«Өмір – өзен» – жыр болып ағып жатқан,
Сол өзеннен махаббат тауып батпан.
Моцарттай мұң, шындығын шырқап келіп,
Философ боп сезімнен мұң шағып жатқан.
Сол жырында шындықтың үні жатты,
Себебі сұм өмірдің мұңы батты.
«Мен жырламаймын, сырласам» депті өзі,
Қаламынан мың жүрек жылу тапты.
Тәңір дарытқан шабытпен өлең өрген,
Көкке қарап, сөзбенен көсіліп желмен.
Мәңгі тірі Мұқағали – ұлттың үні,
Жас жүрекпен жалғасып ғұмыр кешкен.
Тас жүректі еріттің тыңдатумен,
Өлеңді көкке ұшырдың жырлатумен..
Қара өлеңнің құдіретін ұқтырдың сен,
Қазаққа сен осылай үн қатумен.
«Қарлығашым, келдің бе?» сағыныш жыр,
Жан әлемнің тылсымын танытты бір.
«Аққулар ұйықтағанда» шығармада,
Ана жүрек аңсаған шабыты тұр.
Аудармамен алдыңнан жол ашылған,
Уитменмен үндестің үнге толған.
Данте, Шекспир әлемін қазақ қылып,
Жеткіздің ұлтқа алтын ойдан құрап.
Өлеңіңде ел мұңы, діннің нұры,
Ақиқаттың ең биік шырқау шыңы.
«Я, Аллам!» деп еңіреп мұңын айтқан,
Ақын еді Мұқағали – шынның тілі.
Сан ғасырда бір туатын нар тұлға
Өмір сүрмей жеке бастың қамы үшін,
Сақтадыңыз ел мен жердің намысын.
Тарих өзі таразылар, танытар,
Ұлы тұлға Қонаевтың әр ісін.
Сан ғасырда бір туатын нар тұлға,
Есте қалар, Қаратауда қалпында.
Әділдік пен адалдықты ту еткен
Еңбектері қалды мәңгі артында.
Жылатпаған жетімі мен жесірін,
Әрқашанда төрде тұрар есімі,
Димаш ата тұмарысыз халықтың,
Әрбір істің тапқан дұрыс шешімін.
Ер есімі, ел есінде сақталар,
Ұрпақтардан ұрпақтарға жатталар.
Өзіңіздей дара тұлға еңбегін,
Көрген жастар, әлі талай бақ табар.
ӘКЕ
Ойланып қалдым, ағарған шашын көрдім де,
Саф алтын жылдар ізіңді қалдырдың төріңде.
Кешегі жүрген жетектеп ерткен балаң ем,
Бүгінде өсіп, арманның келем өрінде.
Бойжеттім, әке, сенімің енді ақталар,
Арманың асқақ, үмітің менде жатталар.
Қадамым нық боп, еңсемді биік ұстаймын,
Сен берген күшің, басыма мәңгі бақ болар.
Қаталдығың да, жылы сөзің де, мейірің де,
Тұмарың болып сақталды әркез көңілімде.
Әр ісім менің атыңа еш дақ түсірмей,
Жарық боп жансын жүрегіңіздің төріңде.
Сүйеніш болып, ақылшым болдың қасымда,
Ақыл сөзіңнің жылуы қалды жадымда
Сенімің маған шабыт пен рухты сыйлайды
Өмірдің берген сынағын қарсы алуға.
Қуанышың болып, шаттығың болып күлемін,
Жүрегіңдегі үмітің болып жүремін.
Аман жүр ,Әке, мен үшін қымбат асыл жан,
Бақыттың нұрын шашып жүр мәңгі тілерім.
Салтанат ЖИЕНҚҰЛ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
университетінің 1-курс студенті