1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа тамақтану стандарты енгізіледі
- author AR-AY
- 10 маусым, 2025
- 15

Мәзір балалардың жас ерекшеліктерін, маусымдық факторларды және түрлі ауруларға байланысты диеталық қажеттіліктерді (қант диабеті, аллергия, целиакия, лактоза тапшылығы және т.б.) ескереді. Стандарт шағын жинақталған мектептер мен ас блогы жоқ білім мекемелеріне де бейімделген.
Жаңа стандартқа сәйкес диетада қант, тұз және май мөлшері едәуір азаяды, құрамында табиғи емес өнімдер мен тұз бен қант көп болатын өнімдер (шұжық өнімдері, ысталған ет, қант қосылған шырындар, спредтер, дәм мен иісті күшейткіші бар өнімдер және т.б.) алынып тасталады, жаңа піскен көкөністердің, жемістердің және табиғи өнімдердің үлесі артады.
Ас блогы жоқ шағын жинақталған мектептерде ыстық бутербродтан, ашытылған сүт өнімінен (йогурт), маусымдық жемістерден және сусыннан (сүт, айран, итмұрын сусыны, кептірілген жемістер, жидектерден) тұратын ланч-пакеттер дайындалады.
Қазіргі уақытта мектеп әкімшіліктерін, медицина қызметкерлерін, тамақтану қызметтерін жеткізушілерді және бракераждық комиссияның мүшелерін онлайн оқыту жүргізілуде. Кейіннен мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметкерлерін оқыту жоспарланған.
Әзірленген мәзір Санэпидбақылау комитетінің ресми сайтында орналастырылды және білім басқармалары мен бизнес субъектілерін хабардар ету үшін Оқу-ағарту министрлігіне жіберілді.
Негізгі ҰБТ басталғалы 164 мыңнан астам тест тапсырылды
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады
- авторAR-AY
- 10 маусым, 2025