
Талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде және 136 адам ағылшын тілінде тапсырды.
Үшінші апта қорытындысы бойынша талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады. Орташа балл – 65. Ең жоғары нәтиже — 140 балл — Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібекке тиесілі.
Талапкерлердің таңдаған пәндер комбинациясы бойынша:
18% – «Математика-Физика»,
15% – «Биология-Химия»,
14% – шығармашылық емтиханды таңдаған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 477 талапкерге арнайы жағдай жасалып, олар да тестке қатысты.
Апелляцияға өтініш беру мүмкіндігі тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі. Техникалық себептер бойынша шағымдар тестілеу кезінде қабылданады. Сертификаттар апелляциядан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.
Үш апта ішінде 206 ереже бұзушылық анықталды. 98 талапкер тыйым салынған заттармен ұсталып, тесттен шеттетілді, ал 108-і тестілеу кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Өзге адамды өз орнына кіргізу әрекеттері тіркелген жоқ.
ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін барлық бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Егер ереже бұзу фактілері анықталса, тест нәтижелері жойылады.
Айта кетейік, биылғы тестілеуге қатысу үшін 216 мың талапкерден 399 мыңға жуық өтініш түскен.
Әскери бөлімдерде бейнебақылау орнатылады – Бас Прокурор
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады
- авторAR-AY
- 10 маусым, 2025