Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ChatGPT Қазақстанда салық төлей бастады

ChatGPT Қазақстанда салық төлей бастады
pixabay.com
2025 жылдың мамыр айынан бастап OpenAI компаниясы Қазақстанда шартты түрде тіркеліп, қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуді бастады, деп хабарлайды arainfo.kz

2025 жылғы мамыр айынан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы Қазақстанда шартты түрде тіркеліп, қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуді бастады. Енді ChatGPT еліміздегі жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес салық төлейтін болады.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Комитет 2022 жылдан бері цифрлық қызметтерге «Google салығы» арқылы салық салу жүйесін енгізіп келеді. Бұл шетелдік ІТ-компанияларға әділ салық салу жолындағы маңызды қадам саналады.

ChatGPT — GPT тілдік моделіне негізделген танымал жасанды интеллект чат-боты. Ол сұрақтарға жауап беру, аударма жасау, кодтау және басқа да салаларда көмек көрсетуге қабілетті виртуалды көмекші ретінде кеңінен қолданылады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар