Димаш Құдайберген Қытайда өтетін халықаралық ән байқауының продюсері болады
- author AR-AY
- 27 мамыр, 2025
- 55

— Қуанышты жаңалығым бар. Кезінде әлемнің түкпір-түкпірінде фан-топтарымның қалыптасуына себепші болған, мені танымал еткен ірі тележоба — I'm Singer-ді көрсеткен Hunan TV арнасымен бірігіп, алғашқы продюсерлік жобамды жарыққа шығарғалы отырмыз. Бұл жоба I'm Singer-ге ұқсас болғанымен, форматы өзгеше, бағыты басқа, әрі әлемдік деңгейдегі халықаралық әншілер байқауы болмақ. Мен бұл жобада продюсер ретінде де, қазылар алқасының мүшесі ретінде де қатысамын. «Арық айтып, семіз шық» демекші, бәрін алдағы уақытта бірге көре жатамыз, — деді Димаш.
Айта кетейік, 27 мамырдан бастап Астанада өткен «Stranger» шоуы елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіле бастайды.
Бұған дейін Димаштың фан-кездесуіне әлемнің 40-тан астам елінен жанкүйерлер келгені хабарланған болатын.
Сонымен қатар осы айда Димаш Құдайберген белгілі қазақ ақыны әрі жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі — Сәкен Сейфуллиннің әніне түсірілген жаңа бейнебаянын көпшілікке ұсынды.