
Конституция – кез келген елдің егемендігі мен тәуелсіздігінің кепілі. Қазақстан үшін де бұл құжаттың тарихи және қазіргі замандағы рөлі аса зор.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Бұл күн – еліміздің тарихындағы аса маңызды белес, өйткені ол Қазақстанның толыққанды құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалады. Конституцияны қабылдау арқылы Қазақстан демократиялық қағидаттарды ұстанатын, адам құқығын жоғары қоятын, зайырлы және біртұтас мемлекет ретінде өз жолын айқындады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің тәуелсіздігін, құқықтық тәртібін және азаматтардың негізгі құқықтарын қамтамасыз ететін мызғымас тұғыр. Ол – әр қазақстандықтың қорғаны, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі. Конституцияны құрметтеу, оның нормаларын сақтау – әрбір азаматтың борышы мен парызы. Тек осы жолмен біз әділетті, өркениетті, дамыған мемлекет құра аламыз.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық соттың төрағасы - Е.А.Калымханов.