Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Экспедиция ерекше әсер сыйлауда

Экспедиция ерекше әсер сыйлауда
Автор
«Әулиеата жауһарлары» тарихи-танымдық экспедициясы аясында облыс жастары Т.Рысқұлов, Меркі аудандарындағы тарихи орындарды аралады. Игі бастама өңірімізде үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Экспедицияның ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құттықтау сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралардың тарихи-мәдени мұраны дәріптеуде маңызы зор екенін атап өтті.

– Жамбылдың жалынды жастарымен «Әулиеата жауһарлары» атты тарихи-танымдық экспедициясы бастау алды. Тарихи танымдық іс-шаралар қоғам санасын жаңғыртуға зор ықпал ететін озық жобаларға айналуы керек. Сол арқылы жас ұрпақ төл тарихымыз бен салт-дәстүрімізді терең танып, өткеннен тағылым алуы қажет. Жалпы өңірімізде тарихи-мәдени мұраны сақтау және молайту мақсатында ауқымды әрі үздіксіз жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінгі тарихи танымдық экспедиция соның айқын дәлелі, – деді Серік Жақсылықұлы.

Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев жастарға бата беріп, сәттілік тіледі.

Бұдан кейін экспедицияға қатысушылар Бауыржан Момышұлы мұражайына барып, тарихи жәдігерлермен танысты.

Үш күнге жалғасатын танымдық іс-шараға еріктілер, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жастар қанатының» мүшелері, тарих пәнінің мұғалімдері мен түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар қатысуда.

Айта кетейік, экспедиция аясында қатысушылар облысымыздың аумағында орналасқан тарихи нысандарды аралайтын болады.

– Осындай ауқымды экспедицияға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл сапар рухани тұрғыдан мол әсер сыйлады. Киелі жерлердің тарихымен танысу арқылы өткенге оралғандай күй кештік. Әсіресе, Меркі үңгірі мен Ақыртас кешенінің құпиялы тарихы ерекше әсер етті, – дейді экспедиция қатысушысы Ғалия Әбдісаттар.

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар