
Жамбыл облысының көкпаршылары чемпионат барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Алғашқы кездесуде Түркістан облысының командасын 5:4 есебімен жеңсе, кейін Жетісу облысын 9:2, Алматы облысын 6:3 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алды.
Финалдық ойында облысымыздың құрамасы мен Шымкент қаласының командасы алтын жүлдені сарапқа салды. Тартысқа толы болған бәсекенің негізгі уақыты тең аяқталды. «Алтын салым» кезеңінде әулиеаталық жас шабандоз Арнұр Есен шешуші ұпайды еншілеп, өз командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, жамбылдық жас көкпаршылар ел чемпионатында тоғызыншы мәрте топ жарып, өңір абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.
– Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарымыздың барлығы үлкен дайындықпен келген екен. Соған қарамастан біздің команданың көкпаршылары сәтті өнер көрсетіп, мықтылықтарын дәлелдеді. Әсіресе финалдық кездесу өте қиын болды. Шымкент қаласының командасы жеңіске жету жолында аянып қалмады. Сөйтіп ойынның негізгі уақыты тең аяқталды. Ал қосымша уақытта біздің команданың мерейі үстем болды, – дейді шулық Арнұр Кенжебекұлы.
Жалпы чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 13 команда, 160-қа жуық спортшы қатысты.
Жүлде қоры 12 миллион 350 мың теңгені құрады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
«Өндірістік тәжірибе» жобасының мүмкіндігі мол
Ұқсас жаңалықтар
Аудан әкімдері отбасын қолдау орталықтарын ашуға асығар емес
- авторAR-AY
- 20 маусым, 2025