Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҰБТ талаптары түсіндірілді

ҰБТ талаптары түсіндірілді
saryarka-samaly.kz
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Ұлттық бірыңғай тестілеу және жоғары оқу орындарына құжат тапсыру» тақырыбында көшпелі баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Алуа Назарбекова тақырып аясында баяндама жасады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініштер сәуір айының 12-25 аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайты және қосымшасы арқылы қабылданды. Тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Ұлттық бірыңғай тестілеудегі пәндердің саны өзгеріссіз қалды, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Тестілеудегі тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» – 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» – 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» – 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма беріледі. Жоғары балл – 140. Тестілеу уақыты – 4 сағат. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек. Тестілеу бағдарламасында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады. Сонымен қатар талапкерлерге ыңғайлы болуы үшін кестелердің қағаз нұсқалары да беріледі. Апелляцияға тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беру мүмкіндігі бар. Сертификат апелляция қаралғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады, – дейді Алуа Назарбекова.

Спикердің айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталғаннан кейін 2025 жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар