Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

146 оқушы «Алтын белгіге» үміткер

146 оқушы «Алтын белгіге» үміткер
Автор
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі «2024-2025 оқу жылының аяқталуы» тақырыбында көшпелі брифинг өткізді. Тақырып аясында Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова баяндама жасады.

– Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 10 шілдедегі №174 бұйрығына сәйкес 25 мамырда меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық білім беру ұйымдарында оқу жылы аяқталады. Барлық мектепте 23 мамыр күні 2-8,10-сынып оқушылары үшін «Білімім Отаныма!» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. Іс-шара «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылады. Сынып сағаттарында «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптық бағыттарында жазылған эсселер оқылып, үздік авторлар марапатталатын болады. Сондай-ақ оқу жылының қорытындысы жасалады. 24 мамыр күні (сағат 10.00-де) барлық мектепте 1,9,11-сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім саған, мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара өткізіледі. Іс-шараны өткізуге байланысты артық шығындалуға, сыйлықтар алуға, көлік жалдап шеру ұйымдастыруға, инвент-агенттіктер, аниматорлар тартуға жол берілмейді. Бұл жөнінде оқушы, педагог, мекеме басшылары мен ата-аналарға ескертілді. Биылғы оқу жылында 146 оқушы «Алтын белгіге», 209 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде тіркелді. Нәтижесі мемлекеттік емтиханның қорытындысынан кейін шығарылады. 16 мамырда басталатын мемлекеттік білім беру гранты үшін өткізілетін ҰБТ-ға 3902 түлектің 3240-ы өтініш беріп, екі мүмкіндік бойынша тест тапсыратын болады, – деді Раушан Пернешқызы.

Сонымен қатар оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша мектеп басшыларына дербес жауапкершілік жүктеліп, білім бөлімінің бұйрығымен міндеттелген. Осыған сәйкес білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар комитетінің мүшелері тарапынан арнайы рейдер өткізілуде.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар