Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

25 меморандумға қол қойылды

25 меморандумға қол қойылды
РСК
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Равиль Төлебаевтың қатысуымен брифинг өтті. Спикер 2024 жылы және биылғы жылдың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

– Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру және шағын өнеркәсіп аймағының құрылысын несиелеу есебінен активтер 13 миллиард теңгеге артып, 48 миллиард теңгеден 61 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, 2024 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласындағы ірі сауда желілеріне тұрақтандыру қорынан жалпы құны 338,8 миллион теңгеге тауарлық интервенция жүргізілді. 2025 жылдың алғашқы кезеңінде картоп өнімінің бағасының күрт өсуіне байланысты тұрақтандыру қорынан Тараз қаласы аумағындағы «Дәмді себет», «Нұрислам», «Фиркан», «Әлеуметтік дүкен» және үй маңындағы дүкендерге 415,2 тонна картоп тауарлық интервенциямен шығарылды. Аталған өнім дүкен сөрелеріне 130 теңгеден қойылды. Сондай-ақ осы жылы жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласындағы ірі сауда желілеріне тұрақтандыру қорынан құны 70 миллион теңгеге тауарлық интервенция жүргізілді. 2024 жылы «Ауылшаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды несиелендіру» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінді. Қосымша жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге қарастырылды. Сондай-ақ өңір халқының табысын арттыру мақсатында 2019-2024 жылдары аралығында «Ауыл аманаты» жобасы аясында республикалық бюджеттен жалпы 38,4 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлініп, 8 027 жоба қаржыландырылды, – дейді Равиль Қуанышбайұлы корпорацияның алдағы жоспарларымен де бөлісті.

«Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1 426 жұмыс орны құрылатын 141,6 миллиард теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр екен. «Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында шағын орта бизнесті қолдау үшін Өнеркәсіпті дамыту қорының қаражаты есебінен заманауи өндірістік аландардың құрылысы жүргізілуде. Осы алаңдарды 2025 жылдың маусым айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

– 2024 жылдың мамыр айында облысқа инвестиция тарту бойынша «Zhambyl Invest» дирекциясы құрылды. «Zhambyl Invest» отандық және шетелдік инвесторларға «бір терезе» принципі бойынша консультациялық көмек көрсетеді. «Zhambyl Invest» құрылғалы бері 300-ден астам кездесу мен консультация өткізіліп, инвесторлармен 25 меморандум мен өзара ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойылды, – дейді Р.Қуанышбайұлы.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар