Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ардагерлер мәңгілік жадымызда

Ардагерлер мәңгілік жадымызда
Автор
Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» тақырыбында кеш өтті.

Айтулы іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары, құқық қорғау саласының қызметкерлері және кітапхана ұжымы қатысты. Кештің алғашқы бөлігі Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Отан үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым ретінде бір минуттық үнсіздік жарияланды. Мерекелік жиында сөз алған қонақтар халқымыздың сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлвқ ерлігі мен қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, ізгі тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді.

Біз өзіміз де соғыс деген қауіптің қандай боларын сезініп көрдік. Ауған соғысына қатыстық. Біз сол Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің көзін көріп, тәрбие алған азаматтармыз. Келер ұрпаққа, жастарға біз де өсиетімізді қалдыруға міндеттіміз. Сондықтан да жастарға айтарым, бейбіт күнде Отанға қызмет етіңдер, білім алып, биік белеске қарай ұмтылыңдар, – деді облыстық және Тараз қаласы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағасы Дүкенбай Сайлаубекұлы.

Іс-шара барысында мектеп оқушыларынан құралған бишілер тобы би билеп, патриоттық әндер шырқалып, күмбірлеген күй де ойналды.

Кеш соңында кітап көрмесі ұйымдастырылып, келген қонақтар естелік суретке түсіп, тарқасты.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар