«Бірлік жүгірісі – 2025» республикалық шарасына жамбылдықтар белсенді атсалысты
- author AR-AY
- Бүгін, 14:10
- 1

Облыс орталығы – Тараз қаласында өткен марафонда мәреден сөреге дейін табандылық танытып, сүрінбей жеткендер арасында жас ерекшелігіне қарай 16 санат бойынша жүлделі орындар сарапқа салынды.
Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз алған Тараз қаласы әкімінің орынбасыры Ұлана Сламбекқызы ынтымағы жарасқан елдің тату-тәтті өмір салтының көрінісіне айналған айтулы мерекенің мән-маңызына кеңірек тоқталып, барша әлемге спорт саңлақтарымен танылған шаhар тұрғындарына шараға атсалысқандары үшін азаматтық алғысын білдірді.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға айрықша атмосфера сыйлайтын концерттік бағдарлама қамтылып, қатысушылар кәсіби мамандардан арнайы кеңес алуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, салауатты өмір салтын берік ұстануға үндейтін марафонда жеңіл атлетика спорт түрлерінен де жасөспірімдер арасында жарыс ұйымдастырылды.