
Тергеу барысында 2023-2024 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы Ж.Р.Мурашимов пен бірге бірқатар лауазымды тұлғалар жүргізуші куәліктерін алу рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Күдіктілер жүргізуші куәлігін алушыларды теориялық және практикалық емтихандардан өтпестен тіркеп отырған. Бұл заңсыз қызмет үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін пара алынғаны белгілі болды.
Нәтижесінде, 500-ден астам азамат осындай жолмен жүргізуші куәлігін алған.
Тергеу барысында күдіктілердің жалпы құны 200 миллион теңгеден асатын мүлкіне — 2 жеке тұрғын үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке — тәркілеу мақсатында тыйым салынды.
Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Айта кету керек, жүргізуші куәліктерін заңсыз алу – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Бұл, әсіресе, Шымкент қаласындағы жол-көлік оқиғаларының артуынан анық байқалады: 2022 жылы мұндай оқиғалар саны 398 болса, 2024 жылы 878-ге дейін өскен.