
Дәрігерлер екпе салдырудың маңызын ескертіп отыр,деп хабарлайды arainfo.kz
Себебі жұқпалы аурулар, әсіресе балалар арасында, екпенің жоқтығынан тез таралады. Биыл қызылшамен ауырғандар саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай азайды.
2024 жылы елімізде 21 мыңнан астам бала қызылша жұқтырса, биыл бұл көрсеткіш күрт төмендеген. Қызылшаға шалдыққан балалардың ең көп тіркелген өңірі — Жамбыл облысы. Мұнда 300-ге жуық жағдай анықталған. Одан кейін Астана мен Ақмола облысы тұр.
Көкжөтелге қатысты жағдай да оң өзгеріс көрсетіп отыр. Өткен жылы 550-ге жуық бала бұл дертке шалдықса, биыл бар болғаны 183 жағдай тіркелген. Оның 89 пайызы екпе алмаған балалар арасында болған.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ұлттық ойындар күніне орай сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті
- авторAR-AY
- 19 маусым, 2025
Жаңалықтар
Жамбыл облысында сотталғандар арасында спорттық шара ұйымдастырылды
- авторAR-AY
- 19 маусым, 2025