Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әлеуметтік желідегі жарнамаға сенген тұрғын алданып қалды

Әлеуметтік желідегі жарнамаға сенген тұрғын алданып қалды
polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны интернет кеңістігіндегі алаяқтықтың құрбаны болды, деп хабарлайды arainfo.kz

Polisia.kz мәліметінше, әлеуметтік желіде жарияланған "несие рәсімдеуге көмектесеміз" деген жарнамаға сеніп қалған әйел белгісіз адамға 100 мың теңге аударып жіберген. Алайда уәде етілген қызмет көрсетілмеген.

Алаяқтың арбауына түскенін түсінген жәбірленуші дереу полицияға шағымданып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталғаны хабарланды.

Полиция өкілдерінің айтуынша, интернет-алаяқтық бүгінде кең таралған қылмыс түріне айналып отыр. Қаскөйлер азаматтарды алдау үшін түрлі тәсілдерге барады: жалған несие ұсыну, қолдан жасалған интернет-дүкендер ашу, жеңіл жолмен табыс табуға үгіттеу – мұның бәрі азаматтарды қармаққа түсірудің амалына айналған.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрғындарға барынша сақ болуға кеңес береді. Бейтаныс адамдарға ақша аудармау, ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеру, несие рәсімдеуді тек ресми қаржы ұйымдары арқылы жүргізу және жеке деректерді бөгде адамдарға жария етпеу – интернет алаяқтарының құрбаны болмаудың басты жолдары.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар