
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ералы Ақылбековтің айтуынша, бүгінгі күні облыс бойынша 22 өрт сөндіру бекеті құрылған. Бекеттердің жауапкершілік аймағында халық саны 211 мыңнан асатын 78 елді мекен орналасқан.
– Облыс аумағында жалпы 377 елді мекен болса, 106 елді мекен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің 20 өрт сөндіру бөлімінің қызмет көрсету радиусына кіреді. Ал 271 елді мекенді қорғауды жергілікті атқарушы органдардың 36 өрт сөндіру бекетін кезең-кезеңімен құру арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар ауылдық округтерде 2 128 адамнан тұратын 165 ерікті өрт сөндіру жасағы құрылып, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды уақытылы жою мақсатында өрт сөндіру қызметінің 20 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істеуде. Сондай-ақ оқушыларды қауіпсіздік дағдыларына бейімдеу мақсатында білім беру объектілерін нысанға ала отырып, 928 оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Іс-шараға 54 062 адам қамтылып, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда оқу орындарының ғимараттарынан қауіпсіз жерге эвакуациялау дәрістері оқытылды, – деген Ерғали Нұрғалиұлы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының, жергілікті полиция қызметінің және жергілікті атқарушы органдардың күшімен жалпы саны 82 адамнан тұратын 16 бірлескен мобильдік топ құрылғанын жеткізді.
Мобильдік топтардың жүйелі жұмысының нәтижесінде құрғақ шөп пен қоқысты өртегені үшін 20 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.
Ал облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Азат Әбдіразақов өңірімізде өртке қарсы жолақтарды жырту жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатқанын айтады. Сонымен қатар мемлекеттік орман қорының аумағына кіретін жерлерде және автомобиль жолдарының бойында 60 аншлаг, 40 панно және 16 билборд орнатылғанын тілге тиек етті.
– 2025 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында «Қазәуеорманқорғау» мекемесінің авиатехникасымен облыстың мемлекеттік орман қоры аумағының жалпы ауданы 3,048 миллион гектар жерін ұшу арқылы күзету жұмыстары жоспарланды. Мұнымен қоса облыстық төтенше жағдайлар департаментімен жеке құрамды жетуге қиын таулы жерлерге жеткізу үшін 10 жоғары өтімді техника, табиғи өрттерді сөндіру үшін 20 жоғары өтімді және 38 қалалық тиіптегі автоцистерна, 1060 сапалақ, 11 «Иридиум» спутниктік терминалы, 4 ұшқышсыз ұшу аппараты, 29 тасымалды мотопомпа дайындалды. Бекітілген жоспарға сәйкес 24-25 сәуір күндері барлық аудандарда табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ аудан әкімдерімен келісе отырып өрт қауіпті кезеңде мемлекеттік орман қорларына көлік құралдарының және жеке тұлғалардың келуіне шектеу жасау үшін рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында, орман қорғау мекемелері жұмыскерлері және ішкі істер органы қызметкерлері арасында бірлескен мобильді топ құру көзделуде, – деді Азат Бердібекұлы.
Тағы да айта кетейік, табиғи өрттердің алдын алу, олардың туындауына жол бермеу және дер кезінде жою мақсатында орман қорларының аумағымен шектескен жерлерде уақытылы өртке қарсы жырту жұмыстары жүргізіліп, облыстық, жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары және темі жол бойларында ені 4 метрден кем емес минералдандырылған жолақтар жырту және оны күту жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ өрт техникасына су алу үшін қолдан жасалған және табиғи су қоймаларына өлшемі 12 х 12 метр болатын алаңшалар (пирс) жасау, шаруашылық объектілерде және елді мекендердегі өрт гидаранттарын жөндеуден өткізіп, жұмысқа жарамды жағдайға келтіру жұмыстары көзделуде.
Мұқағали БАЛТАБАЕВ