
Саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, әр шығармасы арқылы ұлт жады мен болмысын жаңғыртып, өмірдің өрелі биігіне көтерілген атпал азаматтың дүниеден озуы – орны толмас ауыр қаза.
Дара тұлғаның өмірлік серігі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова апайымызға, ұл-қыздарына, жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Әкім Үртайұлы артына өшпес рухани мол мұра, мәңгілік өлмес ескерткіш қалдырды. Қаламынан туған рухани бай мұра – ел есінде мәңгі сақталары анық.
Әулиеата жұрты үшін Әкім ағамыздың орны ерекше. Осы қасиетті топырақта алғаш білім нәрімен сусындап, үлкен өмірдің белесіне өрлеген ол Жамбыл жерін әрдайым жүрек төрінде ұстап өтті.
Марқұмның иманы саламат, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
Артында қалған ұрпағы мен туған-туыстарына ұзақ ғұмыр тілейміз.
Облыс әкімдігі,
облыстық мәслихат,
облыстық қоғамдық кеңес,
облыстық ардагерлер кеңесі