Жаңалықтар
Мемлекет басшысы жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
- author AR-AY
- 22 сәуір, 2025
- 45

Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты,деп хабарлайды arainfo.kz
– Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.
Келесі мақала
Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Әулиеата аңыздары» – тарих пен технологияны тоғыстырған жаңа кітап
- авторAR-AY
- 30 сәуір, 2025
Жаңалықтар
Ақтөбелік студент ЖИ көмегімен Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады
- авторAR-AY
- 30 сәуір, 2025