
Әкім Үртайұлы Әшімов (Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Ол – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, бірнеше буын оқырманды тәрбиелеген қаламгер.
Жазушының шығармашылық мұрасы өте бай. Оның қаламынан туған «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Москва – Баласаз» сынды романдары, «Ауыл шетіндегі үй», «Тәж», «Махаббат жыры», «Көк аспанда қырағы көз бар» секілді әңгімелері мен повестері қазақ прозасының алтын қорына енген. 2023 жылы мамырда жазушының 12 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өткен болатын.
Ә.Таразидің сценарийлеріне негізделген «Тұлпардың ізі», «Арман – атаман», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Мұстафа Шоқай», «Қызжылаған» фильмдері де қазақ киносының үздік туындылары қатарынан орын алды.
Сонымен қатар, ол «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Махамбет», «Індет» сияқты драмалық шығармаларымен еліміздің театр сахналарында кеңінен танылды. Оның туындылары орыс, ағылшын, қытай, поляк және болгар тілдеріне аударылып, халықаралық оқырманға да жол тартты.
Аударма саласындағы еңбегі де ерекше: Ә.Тарази Н.Я. Бичуриннің тарихи еңбектерін және Ф. Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романын қазақ тіліне аударған.
Әкім Таразидің өмірі мен шығармашылығы – қазақ әдебиетінің биік белесі. Оның есімі қазақ руханиятында мәңгілік сақталады.
Ұқсас жаңалықтар
«Әулиеата аңыздары» – тарих пен технологияны тоғыстырған жаңа кітап
- авторAR-AY
- 30 сәуір, 2025
Ақтөбелік студент ЖИ көмегімен Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады
- авторAR-AY
- 30 сәуір, 2025