
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері әртүрлі болуы мүмкін: пара алу мен беру, қызмет бабын асыра пайдалану, мемлекеттік ресурстарды жеке мақсатта пайдалану және тағы басқалар.
Бұл құбылыстың ең үлкен зардабы — қоғамда әділетсіздіктің орнауы. Тәжірибелі, білімді азаматтар емес, пара бергендер жоғары лауазымдарға ие болып жатады. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін ең алдымен әрбір азаматтың құқықтық сауаты жоғары болуы қажет. Ашықтық пен есептілік қағидаттарын ұстанатын мемлекеттік басқару жүйесі де маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, жастарға адалдық пен әділдік құндылықтарын үйрету – болашақта жемқорлықты жоюдың тиімді жолы.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес — тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әркім өз ісінде әділ болып, заңды құрметтесе, біз әділетті әрі дамыған қоғам құра аламыз.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің
«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл филиалы