Жаңалықтар
Марат Омаров балалар футболының бапкері Әлібек Жүсіповтің қазасына байланысты көңіл айтты
- author AR-AY
- 19 сәуір, 2025
- 134

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров балалар футболының бапкері Әлібек Жүсіповтің жол апатына түсіп, мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады,деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров балалар футболының тәжірибелі бапкері Әлібек Жүсіповтің жол апатынан мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Көңіл айту жеделхатында Әлібек Жүсіповтің балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға қосқан зор үлесі ерекше атап өтілді. Ол өзінің бапкерлік жолында көптеген жас футболшының талантын ашып, отандық футболға адал қызмет етті. Жақсы адам, білікті маман ретінде ел есінде мәңгі сақталатыны айтылды.
Қазақстан футбол федерациясы тарапынан марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетілетіні де хабарланды.
Марқұмның жаны жәннатта, жатқан жері жайлы болсын.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Көк кит» фильмі: прокуратура қолдауымен түсірілген туынды прокатқа шықты
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Енді картаңызды басқа адамға берсеңіз, 7 жылға дейін сотталуыңыз мүмкін
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025