Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
olympic.kz
Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды,деп хабарлайды arainfo.kz

Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, 14.566 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді. Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері бұл нәтижесімен Әлем кубогының жүлдегерлері қатарына қосылды.

Аталған сында алтын медаль армениялық Гамлет Манукянға бұйырды — ол 14.700 ұпай жинаса, күміс жүлде Қытай өкілі Яньмин Хунға (14.666 ұпай) табысталды.

Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов 14.200 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осы күнге дейін үш медаль еншіледі. Еркін жаттығуларда Милад Карими алтын медаль жеңіп алса, Алтынхан Темірбек күміс жүлдегер атанды.

Алда әлі де медаль алу мүмкіндігі бар: 19 сәуірде Карими кермедегі жаттығуларда өнер көрсетсе, Темірбек тіреуішпен секіру бағдарламасының финалында бақ сынайды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар