Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстырмағандар қайта емтихан тапсыра ма — ІІМ жауабы

10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстырмағандар қайта емтихан тапсыра ма — ІІМ жауабы
polisia.kz
Әлеуметтік желілерде 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат таралуда,деп хабарлайды arainfo.kz

Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді.

- Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі: • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар; • мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат. Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет. Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді. Сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке әкеп соғатындығы туралы ескертеміз, - деді ІІМ әкімішілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар