Жаңалықтар
Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады
- author AR-AY
- 10 сәуір, 2025
- 196
Президентке «Қазпошта» АҚ және YTO Express компаниясының бірлескен кәсіпорны «Qazpost – YTO» ЖШС-нің қызметі жөнінде мәлімет берілді,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия елдері аумағында заманауи әрі тиімді курьерлік желіні дамыту.
Биыл Алматы облысында сұрыптау хабының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Аталған нысан пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
«Qazpost – YTO» ЖШС сұрыптау хабына жақын маңнан Индустриалды парк салуға ниетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бірлескен жобалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, олар мемлекеттер мен халықаралық бизнес арасындағы тиімді ықпалдастықтың үлгісі болуға тиіс екеніне назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
- авторAR-AY
- 20 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
МӘМС есебінен елімізде ең күрделі әрі қымбат операциялар жасалды
- авторAR-AY
- 20 желтоқсан, 2025




