Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында 280 жекеменшік балабақша бар

Жамбыл облысында 280 жекеменшік балабақша бар
turaninfo.kz
Жамбыл облысы бойынша жекеменшік 280 балабақша, қала бойынша 86 бақша бар. Жыл санап облысымызда балабақшалар саны артып келеді. 2022 жылдан бастап мемлекеттік балабақшаға 3 жастан емес, 2 жастан бастап ала бастады. Ал жекеменшік бақшалар сәбилерді 1 жастан бастап алады, деп хабарлайды arainfo.kz

Балабақша жайлы айтқанда мектепке дейінгі баланың баратын басты ордасы туралы ойлаймыз. Түсінігімізше бөбекжай – әр ата-ананың еркесінің, алақанға салып аялап отқан тентегінің үйден тыс тәлім алатын, үйренетін жері. Түптеп айтсақ барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы.

«Сен не деген бақытты едің келер ұрпақ, 
Қараймын келбетіңе мен таңырқап», — деп ақын Қасым Аманжолов айтқандай, бүгінгі буын ерекше. Олар дарынды әрі қабілетті. Айтқанды тез ұғып, санасына сіңіріп алады. Жас ұрпақтың талғамынан шығу мақсатында бүгінгі балабақшалар бүлдіршіндер үшін бар жағдайды жасауда.

Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында кәсіпкер тұрақты, ұзақ мерзімді табыс алады және халықты балабақшалармен қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді. Мемлекеттік – жекеменшік серіктестік бұл тәрбие саласындағы тиімді жобаға айналды. Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік қағидатына сәйкес балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету, әлеуметтік бейімдеу, дамыту, медициналық бақылау, сауық­тыру және басқа да қызмет түрлерінің шығыстарын мемлекет қаржыландырады. Ал ата-аналардың ай сайынғы төлемақысы балалардың ас-ауқатына жұмсалады. Балабақша да бизнес көзі. Мұнда жеке кәсіпкерге қойылатын талап – мектепке дейінгі ұйымда бала үшін қолайлы, қауіпсіз жағдай жасау. Балабақша ашу үшін бірінші кезекте жеке немесе жалға алынған ғимараттың санитарлық-эпидемиологиялық тазалығы, өрт қауіпсіздігі, ерекше қажет­тіліктері бар балалардың білім алуы үшін жағдай жасау, балабақшаны жиһаз, жабдықтармен жарақтандыру, медициналық қызметке лицензияның болуы, тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогтермен қамтамасыз ету жайы стандартқа сай болуға тиіс. Сонымен қатар балабақшада бейнебақылау камерасы, дабыл түймесінің болуы сынды тағы бірнеше талап та күн тәртібінен түспек емес.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар