Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотты болған азаматтарды бостандыққа даярлау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Бұл ретте ҚАЖ қызметкерлері арнайы контингент өкілдеріне тұрақты түрде лекция оқып, оларға бағыт-бағдар беріп келеді.
Сондай-ақ, мекемедегі жазасын өтеуші азаматтардың назарына Қылмыстық-атқару Кодексінің 167 (жазасын өтеуден босатылатын адамдарға көмек көрсету), 168 (жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмысқа орналасуына, оларға басқа да әлеуметтік көмек түрлерінің ұсынылуына жәрдем көрсету) және 169 баптарында (шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау) көрсетілгендей, нақты мағлұматтарды жеткізілуде.
Айсұлу ИСМАЙЛОВА,
№26 мекемесі босатылатын сотталғандардың еңбегі мен тұрғын үй жайларын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет лейтенанты
Келесі мақала
Тоқаев Су кодексіне қол қойды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Президент 2025 жылы мәдениет саласындағы стипендияны беру туралы өкімге қол қойды
- авторAR-AY
- 31 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
«Тараз» футбол клубы Шерхан Қалмырзаға ресми ұсыныс жасамақ
- авторAR-AY
- 31 желтоқсан, 2025




