
– Баспана мәселесін шешу – мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі. Әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету саясаты Мемлекет басшысының тұрақты назарында. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Жаңа баспана сіздерге бақыт пен береке әкелсін! – деді аудан әкімі.
Бірқабатты 20 тұрғын үйде жалпы саны 2 бөлмелі 40 пәтер қарастырылған.
Жаңа баспанаға қол жеткізгендердің бірі, көпбалалы ана Салтанат Аманқұлова бұл күнді ұзақ күткенін айтып, өз ризашылығын білдірді.
– Осы сәтті көптен күттік. Он жылдан астам уақыт бұрын кезекке тұрған едік. Бүгін қоныстой тойлап отырмыз. Үйіміз кең, жайлы, көңілімізден шықты. Ел Президентіне және жергілікті билікке алғыс білдіреміз! – деді ол.
Айта кетейік, қазіргі таңда Жамбыл ауданында 1 750 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу мақсатында биыл Аса ауылында көпқабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі