
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаевтың айтуынша, өткен жылы облыс көлемінде ерте жүктіліктің 193 жағдайы тіркелген болса, оның 79-ы Тараз қаласында орын алған. Өкініштісі, 12-14 жас аралықтарындағы жасөспірімдердің де аяғы ауырлаған. Десе де 2023 жылмен салыстырғанда 62 жағдайға төмендеген.
Сол секілді 2024 жылы облыста 246 суицид тіркелсе, оның ішінде 164-і қайғылы жағдаймен аяқталған. Алаңдатарлығы, өткен жылы 2023 жылмен салыстырғанда жастар арасындағы суицид жасайтындар саны екі есеге артқан. Мәселен, 2023 жылы 17 жағдай тіркелсе, былтыр олардың саны 31-ге дейін ұлғайған. Себебі мен салдарын анықтайтын мекеме облыстық денсаулық басқармасы жастарды өз-өзіне қол жұмсауға қандай жағдайлар әсер еткенін нақты айта алмады. Бұл бағытта облыста білім басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып-ақ жатыр. Мәселен, «Komek Stop Bullying» жобасы 450 мектептерге тегін орнатылған.
Ал, полиция департаментінің мәліметіне сенсек, жыл басталғалы жасөсіпірімдер арасында 5 суицид дерегі тіркелген. Олардың үшеуі мектеп оқушысы, екеуі колледж студенттері.
– Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жасөспірімдер арасындағы суицидтердің көп жағдайында, жасөспірімдердің әлсіз психологиялық тұрақтылығынан, өмірлік қиын жағдайларды шешу жолдарын білмеуден, отбасындағы дұрыс емес қарым-қатынастан туындайды.
Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша проблемалық мәселелерді шешуде, балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдарсыз мүмкін емес екенін атап өткім келеді, – деді облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Орынбасар Джалдыгараев.
Сонымен қатар, кеңесте аймақтағы жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу мәселесі де талқыланды. Жауапты мамандар бұл аурумен күресте Үкіметтік емес ұйым өкілдерін тарту туралы ұсыныстарын жеткізді. Ол үшін жылына 48 миллион теңге қажет екен. Бұл бойынша тиісті мекемелерге тиісті ұсыныстар жасалатын болады.
Айжан ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ
Маман тапшылығы біртіндеп шешілуде
Ұқсас жаңалықтар
Талас ауданында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті
- авторAR-AY
- 11 наурыз, 2025