
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті рет азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға жазылған 16 тұрғын ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй бағдарламалары, суармалы жерлерді ұлғайту және тағы басқа мәселелерді көтерді.
Бірқатар өтініш иелеріне қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндірілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша облыс әкімі азаматтардың мәселелерін жіті зерделеудің маңыздылығына тоқталып, тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
Қосымша уақытты қажет ететін түйткілдерді облыс әкімі жеке бақылауына алатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала