Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Әкімдер мектебі» жұмысын бастады

«Әкімдер мектебі» жұмысын бастады
Ашық Дереккөз
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «АMANAT» партиясының оң тәжірибесін ескере отырып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырған болатын.

Жуырда Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері үшін біліктілікті арттыру бағдарламасын іске қосуға қатысты. Рәсім ведомство басшысы Дархан Жазықбайдың төрағалығымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өтті.

«Әкімдер мектебі» Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында, оның облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары арқылы іске асырылады.

Оқыту жобасы экономика, мемлекеттік басқару, бюджеттік жоспарлау, коммуналдық меншікті басқару, цифрландыру, тәуекел-менеджмент, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар тарту саласында 17 модуль мен 240 академиялық сағатты қамтиды.

«2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін сайлау азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, әкімдердің жауапкершілігін арттырды. Содан бері 2,5 мыңнан астам ауыл әкімі сайланды. Олардың 60 пайызы бұрын әкім болмаған және мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Кейбіреулері кәсіп иелері немесе партия қызметкерлері. Осылайша, әкімдер корпусы айтарлықтай жаңартылды. 2023 жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің пилоттық сайлауы өтті. Барлық өңірлерде 45 әкім сайланды. Биылдан бастап барлық ауданның әкімі тікелей сайлау арқылы ғана қызметке кіріседі. Осыған байланысты, бүгінгі «Әкімдер мектебін» іске қосу уақтылы әрі орынды шешім деп санаймын. Біліктілікті арттыру бағдарламасы ауылдық аймақтардың дамуына жаңа серпін беріп, халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді», деді Қанат Бозымбаев құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы қаңтар айында Қазақстандағы жылдық инфляция деңгейі 8,9 пайызды құрады. Баға динамикасына азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер әсер етті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жылдық өсімі 8,4 пайызға, ал қызмет көрсету бағасы 13,8 пайызға көтерілді.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, соңғы аптада ӘМАТ бағасының индексі 0,3 пайызға, жыл басынан бері 2,2 пайызға өсті. Бұл көкөністердің маусымдық қымбаттауына (қырыққабат, сәбіз, пияз) байланысты. Сондай-ақ сиыр еті (1,2 пайыз) мен күнбағыс майы (1,1 пайыз) бағасының өскені тіркелді. Жыл басынан бастап 11 ақпан аралығында ең жоғары өсімі Ұлытау (4,8 пайыз), Ақтөбе (3,8 пайыз) және Шығыс Қазақстан (2,7 пайыз) облыстарында байқалды.

Бағаны реттеу мақсатында аймақтардағы тұрақтандыру қорларынан өнімдерді саудаға шығару жалғасып жатыр. Ауылшаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, жалпы қалыптасқан 156,9 мың тонна қордан тек 45,4 мың тонна көкөніс сатылды. Кейбір облыстарда көкөністі сату қарқыны белгіленген көлемнен төмен, бұл бағаның өсуіне әкелуде. Мәселен, Абай облысында 2,8 мың тонна картоптың тек 486 тоннасы ғана сатылып, нәтижесінде баға 24,2 пайызға қымбаттаған. Кейбір өңірлерде сәбіз, қырыққабат және пияз бағасына қатысты осындай жағдай байқалады.

Сондай-ақ ол әкімдіктердің мәліметінше, қаңтардың соңында қосалқы шаруашылықтардағы қорды есепке алмағанда, картоп қоры 327 мың тоннаны құрағанын айтты. Ал, 23 қаңтар мен 14 ақпан аралығында халықтың тұтыну көрсеткіші 73,5 мың тонна көлемінде болды.

«Бағаның ауытқуы мен сатудағы қандай болмасын шектеулерді болдырмау үшін тұрақтандыру пункттеріндегі өнім бағасындағы айырмашылықты жою қажет. Сондай-ақ коммуналдық базарлар мен сауда желілерімен тығыз жұмыс істеу керек. Ақпан-наурыз айларында тұрақтандыру қорларындағы өнімдерді сату және сәуір айында жаңа көкөністерді жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Бұл ауыл шаруашылығы министрлігі мен сауда және интеграция министрлігінің маусымаралық кезеңде әлеуметтік азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау үшін өңірлермен бірлесіп шешетін басты міндеттері»,деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

primeminister.kz

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар