Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Журналистика – жастар көзімен

Журналистика – жастар көзімен
Ашық Дереккөз
Тараз қаласындағы «Достық» үйінде облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің қатысуымен «Жаңа толқын» жобасы аясында «ProMediа 2.0» тақырыбында іс-шара өтті.

Жиынға спикер ретінде шақырылған облыстық «Jambyl» телеарнасының журналисі Риналь Рахматуллин қатысып, журналистика саласының қызығы мен шыжығы туралы әңгімеледі.

– Медиа саласының ауқымы кеңейіп, ақпарат толқынының арнасы артқан сайын журналистиканың ықпалы өсуде. Журналист – қоғам білуі тиіс әртүрлі ақпараттарды жинап, халыққа жария ететін ақпарат майдангері. Ал журналистің басты ұстанымы – қоғам алдындағы шынайылығы, – деді Р.Рахматуллин.

Сонымен қатар басқосуда блогер, сюжетмейкер, мобилография сарапшысы, Яна Муравьева «Бейненің 7 құпиясы: түсірілімнен баспаға дейін» атты шеберлік сабағын өткізді. Бұдан өзге жастар семинар барысында «Стратегиядан нәтижеге дейін: кезең-кезеңімен тиімді маркетинг» атты SMM маманы, маркетолог, таргетолог Евгения Калашникованың шеберлік сабағына да қатысты.

Элизат ҚОНЫСБАЙ,
«Қоғамдық келісім»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің
«Ақпараттық жұмыс және
қоғаммен байланыс»
бөлімінің жетекші
сарапшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар