Кездесу барысында екі тарап отбасы құндылықтарын нығайту арқылы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, білім, ғылым және мәдениет саласында өзара ынтымақтастық байланыстарды дамыту туралы меморандумға қол қойды.
Жиында Аслан Еділханұлы жастар арасындағы әлеуметтік маңызды мәселелер мен отбасылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Келісім шеңберінде тараптар алдағы уақытта курстар мен семинарларды бірлесіп өткізу, психологиялық, құқықтық, әлеуметтік мәселелер бойынша көмек көрсету және жастар арасында гендерлік теңдік пен отбасылық құндылықтарды насихаттау мүмкіндігіне ие болды. Ғылыми зерттеулер жүргізіп, тәжірбие алмасу арқылы семинар, тренингтер, мастер-класс, вебинар және конференциялар ұйымдастыру бойынша өзара тиімді ынтымақтастық жасалды.
Кездесу соңында алдағы жоспарларға талдау жасалып, қонақтар бас ғимаратта орналасқан мұражайдағы Мұхамед Хайдар Дулатидың шығармашылығымен танысты.
Дулати университетінің медиа қызметі