Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шуда 6 579 азамат жұмыспен қамтылды

Шуда 6 579 азамат жұмыспен қамтылды
Ашық Дереккөз
Шу ауданының еңбек нарығындағы жағдай жыл сайын жақсарып келеді. Аудан әкімдігі мен тиісті мекемелер жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты тұрақты табыспен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар мен жобалар аясында тиісті жұмыстар атқаруда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларына тартылған азаматтар саны жоспардан асып, аудан тұрғын дары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.

Тарқата айтсақ, аудан халқы 106 114 адамды құраса, оның ішінде 47 758 азамат экономикалық белсенді санатқа жатады. Өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 1,6 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 3 пайызға жетіп отыр.

2024 жылы 5 856 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланса, жыл соңында бұл көрсеткіш 112,3 пайызға жетіп, 6 579 азамат еңбекпен қамтылды. Оның ішінде 3 949 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 255 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысты. Сонымен қатар 1 173 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға, 70 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды.

Кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтарға да айтарлықтай қолдау көрсетілді. 90 адам қайтарымсыз грант иеленіп, өз кәсібін бастау мүмкіндігіне ие болды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 110 жас, «Күміс жас» бағдарламасы аясында 134 азамат еңбекке араласты. «Бастау бизнес» курсына қатысқан 412 адам кәсіпкерліктің негіздерін меңгерді. Қысқамерзімді оқыту курстары арқылы 157 азамат жаңа мамандық иесі атанса, 225 тұрғын онлайн оқудан өтті.

Жалпы өткен жылы жұмыспен қамту шараларына қатысқан 5 784 адамның барлығы еңбек шарттарымен қамтамасыз етілді. Мүгедектігі бар 219 азамат түрлі салалар бойынша жұмысқа орналасты. Сонымен қатар «Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту» аясында 105 адам, ал «Жұмыссыздарды жұмыс беруші базасында оқыту» бағдарламасымен 45 азамат кәсіби білімін жетілдірді.

Аудан әкімдігі алдағы жылы 5 610 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуды жоспарлап отыр. Оның ішінде 3 500 азамат тұрақты жұмысқа орналасады деп күтілуде. Сондай-ақ «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 250 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 900 тұрғын, әлеуметтік жұмыс орындарына 85 азамат, қайтарымсыз грантқа 90 адам, «Күміс жас» жобасына 95 азамат, қысқамерзімді оқыту курстарына 125 тұрғын қатысады деп белгіленді. Қазіргі таңда бұл жоспардың алғашқы кезеңі басталып, 425 тұрғын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде 66 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, 6 жас «Жастар тәжірибесі» аясында еңбекке араласты. 329 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, 5 адам «Күміс жас» бағдарламасымен жұмыс тапты. Сонымен қатар 13 азамат «Бастау бизнес» жобасына қатысып, 5 тұрғын онлайн оқуға қабылданды.

Биылғы жылы «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары алынып тасталса да аудан әкімдігі жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Төртжақты келісім негізінде – жұмыссыз азамат, мансап орталығы, жұмыс беруші және оқу орны бірлесе әрбір қатысушыны тұрақты еңбекпен қамтамасыз етуге күш салуда.

Ауданның 2027 жылға дейінгі даму жоспарында тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық берілген. Осы орайда аудандық әкімдік, жергілікті мекемелер мен ауылдық округ әкімдері бірлесіп, белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда. Жұмыссыздықты төмендету, кәсіпкерлікті дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғасын табады.

Ержігіт ОМБАЕВ,
аудандық мансап орталығының директоры,
Шу ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар