Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Болашақ бүгіннен басталады

Болашақ бүгіннен басталады
Ашық Дереккөз
Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында тәрбиеленушілер арасында Өзін-өзі басқару ұйымының премьер-министрін сайлау өтті. Сайлауға үш тәрбиеленуші үміткер болды.

Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының өзін-өзі басқару ұйымының премьер-министрін сайлау 8-11-сынып тәрбиеленушілері арасында өтуде. Жастардың осындай додаға түсіп, өздерінің орталық өмірінің жақсаруына үлес қосатын бағдарлама мен орталықтың жоспар-мақсаттарын жоғары дәрежеге жеткізер жаңа идеяларын айтып, сайлауға түсуі қуантады. Оқушыларға сайлау мәдениетін сіңіру, олардың демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру бағытында жұмыс істеу біздің басты мақсатымыз болу керек. Себебі азаматтық жауапкершілік сайлаудан бастау алады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Жастар – кез келген заманауи мемлекеттің ертеңі, – деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов.

Сайлауға 5-11-сынып оқушыларының арасында 43 бала қатысуға мүмкіндік алып, дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша Руслана Яроваяға 25, Виктория Федюшинаға 18, Түймебай Абдуллаға 1 бала ғана дауыс берді. Осылайша сайлау нәтижесі бойынша Руслана Яровая премьер-министр болып сайланды.

– Мен 2013 жылдан бастап орталықта тәрбиеленудемін. Мұнда бауырларыммен бірге келдім. Кішкентай кезімнен орталықтың мерекелік іс-шараларына белсенді қатысқанды ұнататынмын. Көптеген республикалық, облыстық, қалалық жарыстардың жүлдегерімін. 2020 жылы Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларының «Алтын кітабына» ендім. Мен болашақта журналист болуды армандаймын. Оқуымды бітірген соң әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түскім келеді, – деді жаңа ғана сайланған премьер-министр Руслана Яровая.

Арнайы мекемеде бүгінгі таңда 111 бала тәрбиеленеді. Мұнда тәрбиеленушілердің құқығын қорғау мақсатында жүргізілетін жұмыстармен қатар, әр баланың орталыққа тез бейімделуіне де жан-жақты ықпал жасалып, шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізіліп тұрады. Балалар үшін «Ас-отау», «Сымбат» тігін, «Жібек» бейнелеу өнері, «Балауса» би, «Інжу маржан» қолөнер, «Прима» театр, «Радуга» бейнелеу өнері, «Шахмат», «Томирис» сұлулық және ән үйірмелерімен бірге «Антикинотеатр» бөлмесі жұмыс істеп тұр.

Орталықтың қосымша білім беру педагогтары мен тәрбиешілерінің жемісті жұмысының нәтижесінде былтыр тәрбиеленушілер халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқаулар мен спорттық жарыстарға белсене қатысыпты. Нәтижесінде халықаралық байқаудан – 2, республикалықтан – 10, облыстықтан – 10, қалалық байқаудан 8 бала жүлделі орындарға ие болған.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар