Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Басты мақсат – кәсіпкерлердің құқығын қорғау

Басты мақсат – кәсіпкерлердің құқығын қорғау
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұралы Ергебаев 2024 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

2024 жылы палатаға кәсіпкерлерден 143 өтініш түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14,9 пайызға көп. Оның 107-сі тікелей кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысты болды. Біз олардың 22-сін оң шешіп, 2 миллиард теңге көлеміндегі мүліктік құқықтарды қорғадық. Бұл 2023 жылғы нәтижемен салыстырғанда 400 миллион теңгеге артық, – деді Нұралы Ергебаев.

Спикердің сөзінше, өтініштердің көбі мемлекеттік сатып алуларға, жер қатынастарына, сондай-ақ сәулет және құрылыс саласына байланысты түйткілдерді қамтыған.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша 22 өтініш түсті. Негізінен тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды уақытылы қабылдамауы және төлемдердің кешіктірілуі басты проблема болып отыр. Мысалы, «Бизнеске жол» жобасы аясында Жамбыл аудандық орталық ауруханасы жеткізілген тауар үшін 4 миллион 283 мың теңге төлемеген. Біз бұл мәселені ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп шештік. Нәтижесінде төлем қазан айында жасалды. Сондай-ақ Тараз қаласының білім бөлімі жеткізілген кеңсе қағаздары үшін 13 миллион 440 мың теңге аудармаған. Біз өткізген келіссөздерден кейін бұл мәселе де шешімін тапты, – деген баяндамашы жер қатынастары, сәулет, құрылыс салаларындағы мәселелерге де жан-жақты тоқталды.

Нұралы Ергебаевтың айтуынша, жердің мақсатты тағайындауын өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту, пайдаланылмайтын жерлерді қайтару мәселелері кәсіпкерлер үшін өзекті болып тұр. «Қазфосфат» жауакершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты жерді мақсатсыз пайдалану бойынша даулы жағдайлар туындаған. Сонымен қатар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мәжбүрлі түрде алу мәселелері де жиі көтерілуде. Бірақ сот процестері барысында бұл талаптардың басым бөлігі қанағаттандырылмапты.

– Палата өкілдері сот процестерінде де белсенділік танытуда. Біз 11 сот отырысына қатыстық. Оның бесеуінде шешім кәсіпкерлердің пайдасына қабылданды. Нәтижесінде жалпы сомасы 1,4 миллион теңге болатын құқықтар қорғалды. Кәсіпкерлер палатасы жанындағы құқық қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес те өз жұмысын тиімді жалғастыруда. Биыл кеңес 11 отырыс өткізіп, 16 мәселе қарады. Оның 9-ы оң шешімін тапты. Мемлекеттік органдарға 17 ұсыныс берілді, ал 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деді Н.Ергебаев.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар