Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Эковолонтерлер қатары көбейіп келеді

Эковолонтерлер қатары көбейіп келеді
Ашық Дереккөз
Кеше Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза өлке» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Жиынға экология саласының мамандары, колледж студенттері қатысты.

Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркеповтің сөзінше, жыл басынан бері қала бойынша 100-ге жуық жас эковолонтер болып тіркелген.

– Іс-шараның басты мақсаты – жастарды эковолонтерлікке тарту. Бұл кездесуіміз жыл бойы атқаратын іс-шараларымыздың алғашқысы десек болады. Биыл жыл бойы қаламыздың экологиялық жағдайын жақсарту, халықтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру, қоршаған ортаны қорғау, шаһарымыздың тазалығына үлес қосу мақсатында көптеген іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін біз қатарымызға эковолонтерлерді көбірек тартуымыз керек, – деді Абзал Есіркепов.

Басқосуда сөз алған Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» ПЦК оқытушысы Гүлжанат Оразымбет «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын айта келіп, қоршаған ортаға жанашыр болуға үндеді.

– «Таза Қазақстан» акциясы – жай ғана ұран емес, табиғаттың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Жалпы кез келген адам тазалықты өз отбасынан бастауы керек. Өзіміз күнделікті байқамайтын зиянды әдеттердің өзі ортаға үлкен зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, сусынның босаған ыдысын, пакет, тіпті сағыз тастағанның өзі, уақыт өте келе, табиғаттың ластануына әкеледі. Бұл жергілікті мәселе болғанымен кейінірек ауқымы ұлғайып, ғаламдық мәселеге айналады. Сол үшін біз «Таза Қазақстан» акциясына атүсті қарамай, барынша атсалысуымыз керек, – деді Гүлжанат Оразымбет.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар