Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тегін медициналық көмек артады

Тегін медициналық көмек артады
Ашық Дереккөз
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – азаматтардың қажетті медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ететін мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің негізі. Бұл әлеуметтік қолдау халықтың денсаулық сапасын жақсартуға, науқастарға қаржылық шығынды азайтуға және тұрғындардың табыс деңгейіне қарамастан тең дәрежеде ем алуына мүмкіндік береді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетіне, ең алдымен, төтенше жағдайдағы адамдардың өмірін сақтап қалу үшін аса маңызды тәулік бойы шұғыл медициналық көмек кіреді. Сол секілді мемлекет тарапынан емханаларда тегін консультациялық-диагностикалық қызметтер алуға, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, тәулік бойы және күндізгі стационарлық көмекке, сондай-ақ заманауи құрылғыларды, қымбат импланттарды пайдалана отырып, көптеген жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге жағдай жасалып отыр.

Айта кету керек, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жалпы тәжірибелік дәрігерлердің қабылдауын, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, диагностикалық процедураларды, шұғыл медициналық көмекті қамтиды. Инсульт, стенокардия, артериялық гипертензия, демікпе, нефрит, тыныс алу және асқорыту мүшелерінің ауруларымен ауыратын науқастар тұрақты түрде мамандардың тексеруінен өтіп, мемлекет есебінен қажетті ем ала алады. Науқастардың жағдайын тұрақты бақылап отыру өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады және денсаулыққа төнетін қауіптің алдын алады.

Елімізде биылдан бастап онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакетіне онкологиялық скринингтер көшірілді. Ал 2026 жылдан бастап тағы 13 әлеуметтік маңызы бар ауруға күдікті адамдарға консультациялық-диагностикалық көмекті тегін ету жоспарлануда.

Өткен жыл облыстық көпбейінді аурухана үшін табысты жыл болды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетін енгізуде жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Былтыр 12 мыңнан астам науқасқа көмек көрсеттік, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артық. Бұл жұмысымыздың сапалылығын және халықтың бізге деген сенімін күшейтеді.

Сондай-ақ аурухананың медициналық инфрақұрылымын жақсартып, шеберлік сабақтарын өткіздік. Дәрігер мамандарды жергілікті жерде оқытып қана қоймай, біліктілігін арттыру үшін шетелдерге жібердік. Бүгінгі таңда тұрғындар мамандандырылған көмектің қолжетімділігі артып, жаңа технологиялардың бұрын қол жетпестей болып көрінген кеселдерді жоюға көмектесіп жатқанына куә болуда. Алдағы уақытта да халықтың қажеттіліктеріне бағытталған жүйелі жұмысымызды қарқынды жалғастыра береміз.

Марат ЖҰМАНҚҰЛОВ,
облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар