Кеше Тараз қаласының әкімі бірқатар қала тұрғынын жеке сұрақтарымен
қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі, тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдарын қойды. Сонымен қатар алқаптарға ауызсу құбырын тарту, жылы аялдамалар салу, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, қоқыс алаңшаларының маңына бейнебақылау камераларын орнату сынды мәселелерді көтерді.
Одан бөлек «Барысхан» алқабындағы көшелердің жарықшамдары мен жаяу жүргіншілер жолы, ауызсу, балалар ойын алаңшасы, бағдаршам мен жол белгілері, электр бағаналарының жай-күйі туралы сұрақтар жолдады.
Бақытжан Әмірбекұлы қабылдауға келген тұрғындардың әрбір талап-тілегі назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Тараз қаласы әкімдігінің
медиа орталығы
Келесі мақала
Жастарға 136 бос жұмыс орны ұсынылды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтары
1 келісі – 130 теңге: 80 тоннадан астам картоп арзан бағамен сатылуда
- авторAR-AY
- 24 қаңтар, 2025