Жұмысшы мамандықтар жылы: «Әділдік және өркендеу» қорының ауқымды жобалары»
- author AR-AY
- Бүгін, 17:54
- 1
Осы аралықтақордың қатары елдің ертеңіне бей-жайқарамайтын азаматтармен толыға түсті. Бүгінде «Әділдік және өркендеу» қоғамдыққоры жақтастарының саны 8 мыңнан асыпжығылады. Бұл туралы Қордың Жамбыл облыстық өкілдігінің жетекшісі ЖангелдіОмаров Өңірлік коммуникациялар қызметіалаңында өткен баспасөз конференциясындаайтты.
Олардың арасында өнеркәсіпкәсіпорындарының жұмыскерлері, фермерлер, кеншілер, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер мен журналистер, түрлі ҮЕҰ өкілдері бар.
Қордың Қазақстанның әрбір аймағында өзөкілдігі бар. Жамбыл облысындағы өкілдікөңірлер арасындағы көшбасшылардың бірі. Өңірде Қордың негізгі құжаты, Манифестке1000-нан астам адам қол қойды. Қордыңқағидаттарын қолдайтын жамбылдықтарарасында фермерлер, мұғалімдер, жастарұйымдары, тарихшылар, еріктілер, өнеркәсіпкәсіпорындарының қызметкерлері бар.
«Әділдік және өркендеу» қорының әрбірәлеуметтік жобасына, түрлі бастамаларынажамбылдықтар белсенді қатысты. Атапайтқанда, МӘМС жүйесінің тиімділігіне, жолмен мектептегі тамақ сапасына қатыстыжүргізілген әлеуметтік мониторингке(сауалнама) белсенді қатысып, жауап берді. Мониторингтің қорытындылары жауаптымемлекеттік органдарға жіберілді.
Қордың Жамбыл өңірлік өкілдігі былтыр 54 шара өткізді. Қордың негізгі мақсаты еңбекадамының құқығын қорғау, осы бағыттаЖамбыл облыстық өкілдігі ҚР Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетініңЖамбыл облысы бойынша департаментіменынтымақтастық туралы Меморандумға қолқойды. Осы жылы Еңбек инспекциясымен біргееңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойыншабірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Қордың заңгерлері еңбек адамдарына тегін заңкөмегін көрсетеді.
Қордың өңірдегі серіктестерінің қатарыкөбейіп келеді. «Қазсушар» мекемесімен біргесу объектеріне мониторинг жүргізіліп келеді. Жамбыл облысы - аграрлық аймақболғандықтан бұл мәселе өте маңызды.
Қор өткен жылы Еңбек күнін ерекше атапөтті. Атап айтқанда, қордың Жамбыл облысындағы өкілдігі құрылғанына 63 жылболған «Таразкожобувь» компаниясын осы мерекемен ерекше құттықтап, алғыс хат пен сыйлық табыс етті. Еңбек күніне орайұйымдастырылған «Адал еңбек-2024» республикалық байқаудың жеңімпазы – тараздық жұмысшы Қуанышбек Әбдуалиев, еңжоғары разрядтағы газбен кесуші.
Екінші орын алған қатысушы да біздіңоблысымыздың тумасы. 28 жастағыдәнекерлеуші Төрекелді Тұрмағанбет өзініңтуған ауылы Байзақта шеберхана ашқан.
Жамбыл облысы алғашқы болып жастарқанатын құрды. Қазіргі таңда жастар қанатында100-ге жуық белсенді бар.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл жыл аясында Қор бірқатартөл бастамаларын жария етті. Олардың бірі - Жосықсыз жұмыс беруші реестрі. Яғни, қорЕңбек кодексін бұзып, жұмыскердің еңбекқұқығын бұзған әрбір жұмыс берушіні арнайытізімге қосады. Қор бастамаларыныңқатарында «Еңбек даңқы» онлайн-кітабы бар. Бұл адал еңбекпен отбасын асырап, ел экономикасын еселеуге үлес қосып жүрген Сізбен біздің жақындарымыздың есімі жазылатынестелік кітабына айналады. Сондай ақ, Қоржурналистер мен блогерлер арасында «Еңбекадамы туралы ең үздік материалға» байқаужариялайды. Конкурсқа журналистер мен кемінде 3 мың жазылушысы бар блогерлерқатыса алады. Алғашқы жеңімпаздарЖурналистер күніне орай марапатталады. Ал, 2025 жылдың соңында жалпы қорытындысышығарылады.