Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Құқықтық кабинеттің» қоғамға пайдасы қандай?

«Құқықтық кабинеттің» қоғамға пайдасы қандай?
Ашық дереккөз
Құқықтық түсіндіру жұмысы – әділет органдарының негізгі бағыттарының бірі. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 бұйрығымен «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілді. Жоспардың мақсаты – құқықтық ақпаратқа қол жеткізу, ауылдық жерлерде «Құқық кабинетін» ашу.

Құқықтық мәдениет қоғамның әлеуметтік өмірінің ажырамас бөлігі екендігін, сондай-ақ, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын, заңдарды білуін және құқықтық тәртіпті құрметтеуін көрсетеді. Ауылдық аймақтарда құқықтық мәдениетті арттыру мәселесі өзекті болып қала береді және ерекше назар аударуды талап етеді. Құқықтық мәдениетті арттырудың тиімді тетігі де жергілікті аймақтарда «құқық кабинеттерін» құру екенін тәжірибе көрсетті.

«Құқық кабинетінде» өзекті заңдармен, кодекстермен, қаулылармен және басқа да нормативтік актілермен мәліметтер базасы жинақталған. Бұл азаматтарға өз құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ақпаратты кез келген уақытта алуға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысында 10 аудан мен 154 ауылдық округ бар. Әділет департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесе, «Құқық кабинеттерін» іске қосу бойынша жұмысын ұйымдастырды. Нәтижесінде, Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес Жамбыл облысыныда барлғы 154 ауылдық округтерден 120 – да  құқық кабинеттері ашылып кәзіргі таңда жұмыс жасалуда. Қалған ауылдық округтерде кабинеттерді ашу бойынша жұмыстар жасалуда. Аталған кабинеттер аудандық, ауылдық әкімдіктердің ғимараттарында орналасқан. Кабинет жұмысы жайлы халыққа құлақтандыру шаралары жүргізіліп, оның жұмысы жандандырылды. Аталған кабинеттерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары қойылып, компьютермен және және тиісті құралдармен жабдықталған.

«Кабинеттерді» құру заңдарды өз бетінше зерделеу әдетін қалыптастыруға, «сыни ойлауды» дамытуға ықпал етеді, бүгінгі таңда әділет органдарының алдында азаматтарды «өз мүдделерін құқықтық салада қорғай білуге» үйрету мақсаты тұр.

Жамбыл облысының Әділет департаменті

Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар