Бұл механизм үлескерлердің құқықтарын қорғауға, құрылыс сапасын бақылауға және заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Мұндай рұқсат беру тәртібі арқылы құрылыс салушының қаржылық тұрақтылығы, тәжірибесі және жоба құжаттарының заңдылығы тексеріледі. Сонымен қатар заңсыз жарнама мен әлеуметтік шиеленістерді болдырмау үшін бүгінде қадағалау ісі де күшейтілген. Аталған талаптарды сақтау тұрғын үй нарығының ашықтығын арттырып, үлескерлердің сенімділігін қамтамасыз етеді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығымен «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» бекітілген мемлекеттік қызмет облыстардың жергілікті атқарушы органдары арқылы көрсетіледі. Облыс әкімінің тиісті қаулысымен облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының ережесіне толықтырулар енгізіліп, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру және бақылау мен қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған бұйрықтың негізінде үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тиісті тәртіппен жүзеге асырылады.
Атап айтсақ, заңды тұлғалар – құрылыс салушы және уәкілетті компания мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «eGov.kz», «elicense.kz» веб-порталына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы қажетті құжаттарды жібереді. Мәселен, екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде осы қағидаларға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш керек. Құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісі болуы шарт. Мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне акт («Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде) болуы керек. Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы қажет.
Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш болуы тиіс. Салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісі болуы керек. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне акт болғаны дұрыс. Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы болғаны абзал. Көппәтерлі тұрғын үй қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебі, инжинирингтік компаниямен шарт жасалуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті беруші құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңда көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады. Үлескерлердің ақшасын тартуды уәкілетті компания облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасының рұқсаты негізінде жүзеге асырады. Қазіргі уақытта үлескерлердің ақшасын заңсыз жолмен алып, қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері жиі орын алуда. Осыған орай облыста алдағы уақытта әлеуметтік шиеленіс ошағын тудырмау мақсатында тұрғын үй құрылысын салушыларға бақылауды күшейту, қадағалау талаптарын облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы жүргізетін болады.
Жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен құрылыс нысанын салу барысында «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алмаған және әлеуметтік сайттарда көппәтерлі тұрғын үйлерді сату бойынша жарнамалау жұмыстарын жүргізген жағдайда ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 320-бабы бойынша, сот органының шешімімен айыппұл салынады.
Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ,
облыс әкімдігі сәулет
және қала құрылысы
басқармасының басшысы