Баспасөз мәслихатында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Динара Нұрлыбаева баяндама жасады.
Жомарт Қауасұлының айтуынша, өткен жылы облыстағы бірінші сатыдағы соттармен 21 277 іс өндіріспен аяқталса, оның ішінде 12 005 іс шешім шығарумен қаралған.
– Апелляциялық тәртіппен 55 шешімнің күші жойылып, 81 шешім өзгертілген. Жоғарғы Сотпен кассациялық тәртіппен бірінші сатыдағы соттардың 11 шешімінің күші жойылған, 3 шешім өзгертілген. Есепті кезеңде бірінші сатыдағы соттардың апелляциялық және кассациялық тәртіппен 64 шешімінің күші жойылып, 85 шешім өзгертілген. Сол секілді медиация тәртібімен 13 304 азаматтық іс қаралып, 5 763 іс бойынша татуластыру рәсімдері қолданылған. 3 605 іс бітімгершілік рәсімдерді қолданумен аяқталды, – деді Жомарт Қауасұлы.
Қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау нәтижелеріне тоқталған Нұрмұхаммад Әбидов соңғы жылдары соттар қараған істер санының төмендеу тенденциясы байқалғанын атап өтті. Мәселен, 2024 жылы 1 461 сотталушыға қатысты 1 220 қылмыстық іс үкім шығарумен қаралған. Баяндамашы өз сөзінде алқабилердің қатысуымен қаралатын істерге қатысты өзгерістерге де тоқталды. Алқабилердің қатысуымен өткен жылы 16 қылмыстық іс қаралған.
– 2024 жылдың 12 айында 1 090 әкімшілік іс түсіп, 954 іс қаралды. 2023 жылмен салыстырғанда келіп түсетін талаптар 115 іске төмендеген. Бұл мемлекеттік органдармен жүргізілген жұмыстың нәтижесі. Сол секілді 274 іс шешім шығарумен қаралды, оның ішінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 259 іс түскен. Әкімшілік әділеттің маңызды көрсеткіштерінің бірі – талаптарды қанағаттандыру. Бұл көрсеткіш есептік кезеңде 145 істі құрады. Тарқатып айтқанда, сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдар – 259, жария-құқықтық қатынастарға байланысты өзге де даулар – 199, жер даулары – 193. Ал салық даулары бойынша талап-арыздар алдыңғы жылға қарағанда 67-ден 104-ке өсіп отыр, – деді Динара Нұрлыбаева.
Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ
Интернет-алаяқтық өршіп тұр
Ұқсас жаңалықтар
«Крещение господне»: шомылу кезінде қандай ережелерді сақтау керек?
- авторAR-AY
- 17 қаңтар, 2025