Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Крещение господне»: шомылу кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

«Крещение господне»: шомылу кезінде қандай ережелерді сақтау керек?
Ашық Дереккөз
19 қаңтар – православ христиандар «Крещения Господне» діни мерекесін атап өтеді. Бұл күні олар мұзды ойып, суға түсіп, «сумен шоқыну, сумен тазару» рәсімін жасайды. Соған орай өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Валихан Валиев пен «Успения божией матери» шіркеуінің протоиерейі Юрий Власенконың қатысуымен брифинг өтті.

Валихан Абилоглының айтуынша, су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында «Крещение Господне» мерекесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібекпен іс-шаралар жоспары бекітілген.

– Жоспар аясында суға түсу орындарын анықтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты қауіпсіздікке шақыру тапсырылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен суға түсуге арналған 4 орын анықталды. Атап айтқанда, Казпоселок ауылының маңындағы Талас өзені арқылы өтетін көпірдің сол жағалауына, Аса өзені арқылы өтетін көпірдің жанына, «Әулиебастау» бұлағына, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы «Ақбұлақ» бұлағына шомылуға болады. Аталған шомылу орындарында білікті медицина мамандары, құтқарушылар, төтенше жағдайлар департаментінің және полиция департаменті қызметкерлерінің бригадалары 18-20 қаңтар аралығында кезекшілік атқарады, – деді спикер В. Валиев.

Ал шіркеу қызметкері шомылдыру рәсімін өткізу барысында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті.

– Шомылу рәсімін құтқарушылар, жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік ететін арнайы жабдықталған орындарда ғана жүргізуге болады. Екі-үш сағат бұрын тойып тамақтану керек, бірақ алкоголь ішпеу керек. Шомылудан бұрын денені шынығу және жүгіру арқылы жылыту керек. Аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін бұлаққа ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқкиіммен жақындау керек. Бұлаққа жету үшін етік немесе жүннен жасалған шұлықты қолданған дұрыс. Бұлаққа барғанда жол тайғақ болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Ми тамырларының рефлекторлық тарылуын болдырмау үшін басыңызды суламай, денеңізді мойынға дейін батырған дұрыс. Иммунитетті нығайту және гипотермияның алдын алу үшін жидектер мен жемістерден дайындалған ыстық шай ішкен дұрыс. Есіңізде болсын, қысқы жүзу өткір және созылмалы аурулары бар адамдарға қауіпті, – деді Ю.Власенко.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар