Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Халыққа сапалы қызмет көрсетілуде

Халыққа сапалы қызмет көрсетілуде
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалының директоры БатырханТоқтағұлдың қатысуымен брифинг өтті.

Мемлекеттік корпорацияның облыс бойынша филиалында барлығы 48 құрылымдық бөлімше, оның ішінде 15 басқарма, 32 бөлім, 1 мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Бүгінде мемлекеттік қызметтер реестріндегі 1 359 қызметтің 94,2 пайызы, яғни 1 281-і мемлекеттік корпорация арқылы қолжетімді. Филиалда былтыр фронт-офистер арқылы 909 121 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде электрондық форматта 7 403 қызмет ұсынылған. Ал 2023 жылы 1 053 152 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы былтыр 1 977 283 қоңырау қабылданған.

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалы бойынша зейнетақы және жәрдемақы алушылар есебіндегі барлығы 301 236 адамға республикалық бюджеттен 300 миллиард теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 41 175 алушыға 56,1 миллиард теңге, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы арқылы 8,1 миллиард теңге төленді. Бүгінгі күні мемлекеттік корпорация есебінде жасына байланысты 139 581 зейнетақы алушы және 161 655 жәрдемақы алушы тіркелген. Зейнетақы және жәрдемақы төлемдері екінші дәрежелі банктердің және «Қазпошта» акционерлік қоғамы бөлімшелері арқылы ай сайын уақытылы жүзеге асырылып келеді. Биыл 1 қаңтарға дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5 пайызға, мемлекеттік жәрдемақылар 6,5 пайызға артты. Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері 6,5 пайызға көбейді. Облыс бойынша барлығы 428 410 төлем түрі арттырылған жаңа мөлшерде белгіленген кесте бойынша 2025 жылдың қаңтар айының бірінші жұмыс күнінен бастап төленуде, – деді Тоқтағұл Батырхан.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері түрлі сауалдар қойып, нақты жауап алды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар