Облыстық ТЖД мәліметінше, бүгін таңғы сағат 04:49-да Рылеев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққан,деп хабарлайды arainfo.kz
Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер үш бөлмелі пәтерде жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған өртті анықтады. Үй заттары, жиһаз және ағаш еден жанған.Өрттен 17 ересек пен 3 бала өз бетінше эвакуацияланды.
Сондай-ақ, өрт сөндірушілердің көмегімен тағы үш тұрғын қауіпсіз жерге шығарылған. Өкінішке қарай, сөндіру барысында 1959 жылы туған ер адамның денесі табылды.Өртті сөндіруге ТЖД-ның 16 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Келесі мақала